$ 498.34  519.72  4.85

«Өз аяғымен жүре алады»: Мүгедек арбасына отырып қайыр сұраған шымкенттік жазаланды

Бұдан бұрын ескерту де берілген.

Жетісай ауданына барып қайыршылықпен айналысқан шымкенттік ұсталды. Ол алақан жаю үшін мүгедек адам кейпіне еніп, арбаға отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қайыршылықпен айналысуды әдет еткен 3 тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» негізінде хаттама толтырды. Аталған құқық бұзушы 3 ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

«Олар орталық базарда қайыршылық жасаған. Бұдан бұрын ескерту де берілген. Сонымен қатар, жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни, тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды» - дейді полиция майоры Еламан Абишев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары