$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде бір күнде төрт адам суға батып кетті

Суға түсуге арналмаған орында бір үйдің 2006 жылғы және 2004 жылғы екі адамы суға батқан.

Ақтөбеде бір күнде төрт адам суға батып кетті, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Биыл 19 шілдеде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  ҰҚКБ кезекші диспетчеріне Ақтөбе қаласы Өрлеу ауылында суға түсуге арналмаған орында бір үйдің 2006 жылғы және 2004 жылғы екі адамы суға батып кеткені туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетті. Құтқарушылар дронның көмегімен 16 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы азаматтың денесін тапты. Олар жағадан 13-15 метр қашықтықта 1,8-2 метр тереңдіктен шығарылды», – деп сәрсенбі күні Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, сағат 20:40-та коммуналдық жағажай ауданында (қарама-қарсы бетінде) суға түсуге жабдықталмаған орында 2 баланың суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті.

«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 19 және 20 жастағы азаматтардың суға батқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен олардың денесі жағадан 40 метр қашықтықта 5 метр тереңдіктен шығарылды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе