21.07.2022, 09:40

Еліміз жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет алтын медаль алды

Тарихи жетістіктің авторы - қазақстандық спортшы Нора Джеруто.

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл Орегондағы (АҚШ) әлем чемпионатында болды. Тарихи жетістіктің авторы - қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бірінші орын алды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп шықты.

Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихында әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль иеленді. 

Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді.

Еске салайық, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.