$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет» – Тоқаев

Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті.

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпжақты өзара іс-әрекеттің мығым экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, көз жетерлік келешекте бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев