$ 494.87  520.65  4.91

Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды

Сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп Ulysmedia.kz.

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;

- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;

- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;

- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені жайлы ақпарат тараған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары