21.07.2022, 15:20

Елімізде жаңа мереке пайда болады

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Қазақстандағы мерекелік тізіміне тағы бір кәсіби мереке қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 сәуірді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні деп белгілеу ұсынылды. Айта кетсек, бұл күн КСРО-да 1966 жылдан бастап шілде айының төртінші жексенбісінде тойланып келді және ТМД-ның біраз елінде әлі бар. Соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда сақталған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл мерекенің белгіленуі осы салаға ардагерлерді алмастыратын жас мамандар мен жоғары білікті инженерлердің келуіне, сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мамандығының беделін және олардың кәсібилігін, жұмысқа деген мақтанышын арттыруға ықпал етеді.

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.