Жаңалықтар 21.07.2022 сағат 17:40

Кей аймақтарда 59 градусқа дейінгі аптап ыстықты көрсетіп тұр

Ал, «Қазгидромет» РМК мамандары аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.
Кей аймақтарда 59 градусқа дейінгі аптап ыстықты көрсетіп тұр
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысындағы кей аймақтарда күн райы 59 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарап жатыр. Онда күн райының Цельсий бойынша +59 градусқа жеткенін көруге болады. Ал, «Қазгидромет» РМК мамандары аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.

«Түркістан облысында аптап ыстық 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі кезде ауа-райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 болып тұр. Қызылқұмда 44, Қазығұртта 40, Арыста 43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында 42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмін. Ал, 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немес 5 градусқа төмендеуі мүмкін», - дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.

Айта кетейік, синоптиктер осыдан екі күн бұрын Түркістан облысында күн райы 47 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар