$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында учаскелік полицей қайғылы жағдайдың алдын алды

Мамыр айында жергілікті тұрғын жұбайымен ажырасу үшін құзырлы органға өтініш тапсырған.

Оқыс оқиға 2 шілдеде Ақмола облысы Сандықтау ауданы Шаңтөбе ауылында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында жергілікті тұрғын жұбайымен ажырасу үшін құзырлы органға өтініш тапсырған. Бірақ екі ай қатарынан ер адам әйелінің шешімімен келіспей, некені сақтап қалуды талап етіп, қызғаныш негізінде айғай-шу шығарған.

Кезекті бір айғай-шудан кейін 2 шілдеде спирттік ішімдік тұтынған ер адам өз-өзіне қол салмақшы болады. Есікті ішінен тарс бекітіп алған ол электр ұзартқышты алып, мойнын айналдыра орап, келесі басын жоғарыға ілмекші болады.

Осы уақытта заттарын алып кету үшін жұбайы үйге келіп қалады. Күйеуінің оқыс әрекеті үстінен түскен әйел бірден учаскелік инспектор Шамиль Омаровқа қоңырау шалады, ал ол сол кезде ерлі-зайыптылар тұратын үйдің жанынан өтіп бара жатқан.

Істің мән-жайынан қаныққан тәртіп сақшысы есікті бұзып, асулы тұрған ер адамды жіптен босатып алып, қызметтік көлігімен аудандық ауруханаға жеткізді.

"Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдады. Ер адам ажырасуға өз еркімен келісімін берді", Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары