$ 494.87  520.65  4.91

«Ералаштың» бұрынғы режиссері педофилия үшін 14 жылға сотталды

Сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

"Ералаштың" бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий педофилия үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Тергеу сатысында Белостоцкийге жеңілірек бап бойынша - 14 жасқа толмаған балаға қатысты әдепсіз әрекеттер туралы айып тағылды. Енді оған күш қолдану немесе сол жастағы жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолдану боойынша айып тағылуда.

Ер адам 2020 жылдың қазан айынан бері қамауда. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Белостоцкий - ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000 жылдардың ортасынан бастап “Ералашта” режиссер болып қызмет атқарды. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, Ералашта балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде балалар тікелей ата-аналарының немесе оның заңды өкілдерінің бақылауында болғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ералаш