$ 444.32  473.33  4.76

Қант бағасын қолдан көтерген саудагерлер қатаң жазаланатын болды

Арнайы мониторингтік топтар құрылды.

Қазақстанда қант бағасын көтеретін сатушыларға ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, қант сатушыларға қатысты 30 әкімшілік хаттама толтырылған.

Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын арнайы мониторингтік топтар сауда субъектілерінің сауда үстемесі мөлшерін 15%- дан асырмауын бақылауды жалғастыруда.

Ведомствода хабарлағандай, өткен аптада азық-түлік өнімдері бойынша үй жанындағы дүкендерде 763 бұзушылық анықталды. Сауда үстемесі 4-15% - ға төмендетілді. Оның ішінде 204-4-бап бойынша 98 әкімшілік іс қозғалып, 1 айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ірі сауда желілерінде бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жалғасуда. Осылайша, жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15-тен 10% - ға дейін төмендету туралы 61 комплаенске қол қойды. 47 хабарлама, 4 ескерту шығарылды, 13 тергеу жүргізілуде.

Арнайы мониторингтік топтар әкімдіктердің, Сауда Комитетінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, қоғамдық бірлестіктердің және т.б. өкілдерінен құрылған, арнайы мониторингтік топтардың жұмысына қосылу үшін жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік басқармаларына жүгіну қажет.

Айта кетейік, Қазақстан қалаларында қанттың келісі 440-тан 537 теңгеге дейін сатылып жатыр. Алайда бірқатар өңір тұрғындары қант тапшылығына шағымдануда. Тіпті күні кеше құмшекерге таласқан шымкенттіктер супермаркетте жанжал шығарған.

Шымкент әкімдігі қант тапшылығына тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Сатып алушылардың дүрлігуі салдарынан дүкен сөрелерінен қант табу қиындады дейді шаһар басшылығы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары