$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда полиция полковнигі мен прокурор қатысқан төбелес болды (ВИДЕО)

Қақтығыстың барлық қатысушысы Полиция бөліміне жеткізілді.

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев пен прокуратура қызметкері Алексей Бондарев қатысқан жанжалдың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернетте тараған видеода бірнеше ер адам балағат сөздер айтып, жанжалдасып тұрғаны түсірілген. Бұл ретте кадрларда шетте жағдайды бақылап тұрған Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев көрінеді. Кенет жанжалдасып тұрған ер адамдар арасында төбелес басталады. Осы кезде видео аяқталады.

Видео желіде тарағаннан кейін полковник Ермек Тобылбаев оқиғаға қатысты пікір білдіреді. Ол видео қандай жағдайда түсірілгенін айтты.

"Бұл жазба 4 шілдеде түсірілген. Ұялы телефоныма Криминалдық полиция басқармасының бақылауында тұрған алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық іске қатысушыдан қоңырау түсті. Маған қалада қылмыстық іске қатысушылардың жиналысы жоспарланғаны айтылды. Заңсыз әрекетті болдырмау әрі мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына бардым, сонымен қатар, сол кезде патрульдік полиция полкінің жасағын шақырдым. Оқиға орнына келіп, жағдайды бақыладым. Басында бәрі тыныш болды. Тараптар дау тудырған автокөлік туралы жай сөйлесті. Қатысушылардың бірі екіншісін ұрған кезде, мен шақырған жасақ араласып кетті. Қақтығыстың барлық қатысушысы Полиция бөліміне жеткізілді", - деді Ермек Тобылбаев.

Сондай-ақ, полковник осы оқиғадан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

Видеоға қатысты Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі де пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Алексей Бондарев 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап прокуратура органдарында жұмыс істемейді.

"Желіде құқық қорғау органдары қызметкерлері жанжалдасқан видео тарады. Видеоға жазылған пікірде Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкері А.Е. Бондарев осы оқиғаға қатысқаны айтылған. Қарағанды облысының прокуратурасы А.Е. Бондарев 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап прокуратура органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды", - деді ведомство өкілі.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары