$ 449.58  486.94  4.86

Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандар 640 мың теңге сыйақы алды

Осы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үш алматылық 640 мың теңге сыйақы алды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлық фактісін немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен азаматтарға ынталандыру сыйлығы беріледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменттің мәліметінше, азаматтардың 1424 сall-орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім арттыруда ерекше рөл ойнайды.

– 1424 саll-орталықтың операторлары тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларға және бизнеске жасалған қысымға жауап береді, шағымдарды, пікірлерді қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді, – деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ департаментте хабарлағандай, үстіміздегі жылдың ағымдағы кезеңінде 1424 сall-орталығына 28 өтініш келіп түскен. Оның 18-і «ақпаратты есепке алу кітабында» тіркелді. Олар бойынша қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған үш алматылық 640 мың теңге сыйақы алды. Азаматтарды көтермелеу ақпараттың шынайылығы, сондай-ақ, заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

– Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (3 млн 063 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлама, сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Көрсетілген сомадан артық сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (12 млн 252 мың теңге), – деп мәлімдеді департаментте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары