$ 494.87  520.65  4.91

Су іздеген киіктер ауылға кіріп жатыр

Ауыл маңында 400-500 бас киік жүр.

Ғаламторда ауыл маңына үйірімен келген киіктердің видеосы пайда болды. Олар тіпті адамнан үркетін емес, деп хабарлайды Экспресс К.

Шөл қысқан түз тағыларының видеосын журналист Әмірболат Құсайынұлы өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда үйірімен жүрген киіктер ауылға жақын маңға келген. Су іздеп жүрген аңдарды бейнежазбаға түсірген куәгер олардың үркімегеніне таң қалғанын жасыра алмайды.

Шөлдеп жүр. Адамнан үркіп тұрған жоқ. Мен қасында тұрмын, үш метр жерде. Ана жақта 400-500 бас киік жүр,

— дейді бейнежазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#киік