$ 494.87  520.65  4.91

«Атырау» «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлер стадионда шу шығарды

«Жергілікті команда неге жеңіле береді? Бұлай жалғаса берсе, футбол клубы легионерлерден «тазартылғанын» талап етеміз». - дейді олар.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

22 шілде күні «Атырау» футбол командасы «Ордабасымен» кездесуде ойсырай ұтылды. Осыған байланысты футбол жанкүйерлері жергілікті командаға наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атырау» командасы футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінде қайта-қайта жеңіліп жүр. Соңғы кездесуде – «Ордабасы» командасымен өткен матчта тағы да жеңілді. Жергілікті команданың ойсырай ұтылуы футбол жанкүйерлерінің наразылығын туғызды.

«Біз бюджеттен бөлінген қаражаттың бұлайша желге ұшқанын қаламаймыз. Жергілікті команда неге жеңіле береді? Бұлай жалғаса берсе, футбол клубы легионерлерден «тазартылғанын» талап етеміз. Легионерлердің орнына жергілікті жас футболшылар ойнасын. Олар әрине, жеңіске жету үшін барын салады. Тәжірибе жинайды. Біздің легионерлерден құралған команда емес, өз футбол клубымыз болуы керек», - деп наразылық білдірді футбол клубының жанкүйерлері.

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко «Ордабасы» командасымен өткен матчқа қатысты пікірін білдірді.

«Бұл ойын біз ойлағандай нәтижелі болмады. Өз алаңымызда 1:4 есебімен ұтылдық. Команданың футболшылары мен жаттықтырушылар штабына ойлану керек шығар. Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен команда футболшыларына олардан не күтетінімді, қалай ойнау қажеттігін жеткізе алмадым. Команда ойыншыларында көшбасшылық қасиет жетіспеді. Алаңда жеңіске жетуге деген ынтаны көрмедім. Футболды дәл осылай ойнамайды», - деді Константин Горовенко.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары