Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын қолға түсірді деп хабарлады turkystan.kz.
«22 шілде күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»)», – делінген ҰҚК баспасөз хабарламасвнда.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.