23.07.2022, 20:00

Қарағандыда «разборкаға» барған полицей қызметінен қуылды

Бұған дейін желіде құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуындағы айқай-шудың видеосы тараған болатын.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен шулы видеодан кейін Қарағандыда криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен босатылды”, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Бұған дейін желіде құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуындағы айқай-шудың видеосы тараған болатын.

Видео авторының айтуынша, төбелес ішінде Ермек Тобылбаев пен прокуратура өкілі Алексей Бондарев та жүр.

Кейінірек прокуратура Алексей Бондарев құзырлы органда 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жұмыс істемейтіндігін жеткізді.

Қарағанды облысы ПД даулы оқиға 4 шілдеде орын алғанын хабарлады. Бұл күні алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс фигурантынан Тобылбаевтың ұялы телефонына қаладағы кездесу туралы қоңырау келіп түседі. Кездесуде көлікке байланысты жанжал туындаған.