$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда аюлар ауылдарға кіріп жатыр

Мамандардың айтуынша, бұған ауданда аталған жыртқыш аң саны айтарлықтай өскені себеп болып отыр.
фото: exk.kz
фото: exk.kz

Көктемнен бері Глубокое ауданына қарасты бірнеше ауылға аюлар шабуылдап, жұрттың үрейін қашырған. Әсіресе омарташылардың бал ұяларына жиі келген.

Мамандардың айтуынша, бұған ауданда аталған жыртқыш аң саны айтарлықтай өскені себеп болып отыр. Бұрын аюды аңшылық маусымнан тыс уақытта атуға тыйым салынатын. Қазір бұл тыйым алынып тасталды.

"Аң аулау ережелерін бекіту туралы" бұйрықта аюлар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, атуға рұқсат беретін тармақ пайда болды. Ол үшін тиісті органдарға хабарласу жеткілікті. 

"Аюлар маза бермей тұр. Еңбегімізді еш кетірді. Омартаны түнімен күзетуге мәжбүр болып отырмыз. Ол үшін бірнеше ит те әкеліп қойдық. Аю келе жатқанда иттер үре бастайды. Сол кезде жарық шамдарын жағып, ысқырып, айқайлай жөнелеміз. Сөйтіп, аю кетіп қалады", – дейді аңшы Сергей Осинцев.

Оның айтуынша, жауапты мекеме бұл жағдайды растап, мамандар жіберіпті.

"5 мамырда Тарханка ауылының әкімі "Өскемен орман шаруашылығы" КММ-не өтініш білдіріп, ауылда қонжықтың жүгіріп жүргенін айтты. Оқиға орнына жедел әрекет ету жасағының инспекторлары мен Тарханка орман шаруашылығының қызметкерлері келіп жетті. Ақпарат расталды. Абырой болғанда, жануардан ешкім зардап шекпеген", – деді ол.  

Алайда ара шаруашылығымен айналысатындар едәуір шығынға батқан. 10 маусымда аю Топиха ауылындағы омартаға шығып, үш ара ұясын зақымдаған. 19 маусымнан бастап Степной ауылының сыртында орналасқан омартаға тағы бір аю келетінді шығарды. Түнде келетін ол бал іздеп ара ұяларын сындырады.   

"Бұл аюлардың көп екендігін көрсетеді. Кәрі аюлар жастарын өз аумақтарынан қуып шығады. Ал олардың барар жері жоқ. Сондықтан амалсыз елді мекендерге жақындайды. Өздеріне азық табуды білмейтін бұл аюлар оңай олжа іздейді. Сөйтіп бал үшін омарталарға, мал үшін – шаруа қожалықтарына қарай бағыт алады", – дейді аңшы.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары