$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында автобан тас жолы ыстыққа шыдамай жарылып кетіп жатыр (видео)

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны қопсып кетті.

Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы да көтеріліп кетті.

Окиға кеше болған. Желіде тараған видеолардан жолдағы бетонның көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.

«Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы Темірлан ауданы маңындағы бөлігінде (2234 км) ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны қопсып кетті»,- делінген Qazavtojol Turkestan мекемесінің Facebook парақшасында шыққан ақпаратта.

«ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымы ақауды жою жұмысын жүргізді. Оған Экскаватор, асфальт таптағыш машина, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған.

Айта кетейік, маусым айында да «Самара – Шымкент» автобанының Төрткөл кенті аумағында бетон плитасы көтеріліп кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркістан