Еліміздің алты облысында 25 шілдедегі ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
25 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады. Ақтауда 25 шілдеде найзағай күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батысында жел соғады, найзағай кезінде секундына 15-20 метр болады. Атырау қаласында найзағай күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - секундына 15 метр.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 40 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.