$ 448.15  483.46  4.86

Балалар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейген

Жастарының мөлшері көпшілігі 5 жасар балалар.

Елде балалар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Министрліктің жүргізген талдау нәтижесі көрсеткендей, сырқаттардың 33 пайыздан астамы – кәмелет жасына толмағандар, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Дәстүрлі оқытуды қолдайтын министр Асхат Аймағамбетов оқушылар қашықтан оқуға ауыспайды деген үмітте. Білім ошақтарында да барынша санитарлық талаптар сақталады, дейді. Дегенмен, бәрі уақыт еншісінде екенін еске салды. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері балалар арасында сырқаттану ауыр өтіп жатқанын айтады. Бір ғана елорданың өзінде 68 бала ауруханада жатыр.

“Бұл балалардың көпшілігі кішкентай балалар. Жастарының мөлшері көпшілігі 5 жасар балалар. Егілу мерзіміне, жасына жетпеген балалар. Балалардың көпшілігі бүгінгі таңда түсіп жатыр қазіргі тыныс жолдарының жедел респираторлы науқасының клиникаларымен. Арасында құсу, іш өту клиникасымен өтіп жатыр арагідік нерв жүйесінің зақымдануымен өтіп жатқандары да бар”, – дейді ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова. 

Қазір елде үш вакцина: «QazVac», «Sinopharm» және «Pfizer» қолжетімді. Ал, вакциналау науқанын бастап берген «Спутник» препараты Қазақстанға енді әкелмеуі де мүмкін.

Эпидахуалды бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өткен жағдайда ғана сол аймақта «Ashyq» жүйесі де енгізілуі мүмкін. Шектеу шаралары да екі кезеңмен өтеді.

Қазір бірқатар өңірде инфекциялық төсек-орындардың тез толуы байқалады: Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Айта кететіні, елімізде өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 3,2 есеге өскен. Соңғы тәулікте екі жарым мың жағдай тіркелді. Республика бойынша жалпы науқас саны 14 мың. Министрлік олардың 90 пайызға жуығы үйде ем алып жатқанын айтты.

Ал ауруханада мыңнан аса адам жатыр. Оның 25-і ауыр жағдайда. Дәрігерлер тағы бес адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. 3 науқас өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Қазір елордадан басқа өңірлерде ахуал тұрақты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары