25.07.2022, 10:20

Мемлекеттік кеңесшінің Telegram-аккаунты бұзылды

Фото: ашық дереккөзден
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, соңғы бірнеше аптада белгілі қазақстандықтардың, соның ішінде бизнесмендердің аккаунттарын бұзу және жалған аккаунттар ашу фактілері жиілеген.

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, соңғы бірнеше аптада белгілі қазақстандықтардың, соның ішінде бизнесмендердің аккаунттарын бұзу және жалған аккаунттар ашу фактілері жиілеген.

Өкінішке орай, менің атымнан Telegram арнасындағы достарым мен таныстарыма қаржы сұраған түрлі жалған хабарламалар жіберілген. Барлығына бұл жалған ақпарат екенін айтқым келеді, — деп жазды Ерлан Қарин.

 

Тегтер: Ерлан Қарин