$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның ірі теміржол компаниялары ресейлік кәсіпкердің меншігіне өтеді

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, Алексей Лебедев сатып алынатын кәсіпорындардың техникалық жай-күйін жоғары бағалаған.

Ресейлік кәсіпкер "Қамқор Локомотив" ЖШС мен "Қамқор Вагон" ЖШС-ті сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Logirus.ru сайтының жазуынша, ресейлік инвестор және бизнесмен Алексей Лебедевтің құрылымдары басқаратын консорциум Қазақстанның екі ірі локомотив жөндеу және вагон жөндеу кәсіпорындары мен депосына ие болмақ.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, Алексей Лебедев сатып алынатын кәсіпорындардың техникалық жай-күйін жоғары бағалаған. Ол алдағы жылдары сатып алынатын активтердің технологиялық әзірлемелерін, кадрлық әлеуетін және коммерциялық бейінін сақтауға ниетті. Болашақта, инвестордың айтуынша, компанияларды дамыту, жұмыс тәжірибесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, бірыңғай ақпараттық орта құру жоспарланып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары