25.07.2022, 17:20

«Түйені түгімен жұтқандар» енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады» – Мәжіліс депутаты

Депутат Ерлан Сайыров Facebook парақшасында Ресей бизнесменіне сатылған кәсіпорындарға қатысты пікір білдірді.

Депутат Ерлан Сайыров «Қамқор Локоматив» пен «Қамқор Вагон» кәсіпорындары ресейлік бизнесменге сатылғанына қарсылық білдірді. Оның ойынша бұл мәселемен құзырлы органдар айналысуы тиіс.

«Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты. «Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады. Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін», – деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның ірі теміржол компаниялары ресейлік кәсіпкердің меншігіне өтетіні туралы материал жариялаған болатынбыз.