$ 449.58  486.94  4.86

Атырауда әйел көлік терезесінен трамадол сатқан (видео)

Ол сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда әйел көлік терезесінен трамадол сатқан. Оқиға қалалық полиция басқарамасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz. 

Психотропты дәріні сату оқиғасы 17 шілде күні сағат кешкі 20:35 шамасында орын алған. Белгілі болғандай Авангард мөлтек ауданында Skoda автокөлігінен белгісіз әйел адамның төрт ер азаматқа белгісіз дәріні сатып тұрған. Бұл жайтты байқаған жедел басқару орталығының қызметкерлері бірден полицейлерге бағыттама берген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті Жерұйық мөлтек ауданы тұсынан тоқтатып, тексеріс кезінде аталған көлік жүргізушісінің алькогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғандығы анықталды. Аталған факті бойынша 30 жастағы автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.

Ол сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал психотропты дәрі сатқан азаматшадан трамадолдың 13 данасы және 5 флакон тропикамид психотропты дәрілері тәркіленді. Оған қатысты шешім шығару үшін медициналық экспертиза тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары