2014 жылы Қазақстанда Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі темір жол торабы ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәмин Қазақстанның темір жол саласының 110-жылдығына арналған конференцияда мәлім еткен болатын.
— Биылғы жылы жаңа темір жолдар - Жезқазган-Бейнеу, ұзындығы 988 км және Арқалық-Шұбаркөл, ұзындығы 214 км ашылады. Барлық жаңа темір жол тораптарының жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды, — деді А.Мәмин.
Ұлттық компания басшысы атап өткендей, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары темір жол көлігі отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде, ел экономикасының қалыптасуында және әлеуметтік тұрақтылықта басты рөл атқарды.