$ 444.32  473.33  4.76

Нұр-Сұлтанда газ құю бекетіндегі өрттен зардап шеккендер бар

Жедел жәрдем станциясының алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккен төрт адам бар.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

25 шілде күні сағат 22:05-те Қобда көшесі, 6 мекенжайы бойынша 101 пультіне өрт туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері дереу жіберілген.

"Өрт сөндірушілер келген кезде бір қабатты үйлер, екі қабатты ангардың шатыры жанып, газ құю бекетінде газдың алаудай жанып жатқаны анықталды", — делінген хабарламада.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылған. Жедел жәрдем станциясының алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккен төрт адам бар.

"Өрт сөндірушілер өртті сағат 00:05-те ауыздықтады", — деді қалалық ТЖД.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер санын көбейтіп, өртті жою жұмыстарын жүргізуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары