$ 448.15  483.46  4.86

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Қайтыс болғандардың арасында 6 және 10 жасар екі бала бар.

Қызылорда облысында болған жол апатынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат үш кезінде "Самара - Шымкент" тасжолының 1713-ші шақырымында Toyota Camry мен Daewoo Nexia соқтығысқан.

"Жол апаты Жалағаш ауданындағы Таң ауылына жақын жерде болған. Toyota Camry-дің 26 жастағы жүргізушісі және Daewoo Nexia-ның 42 жастағы иесі оқиға орнында қайтыс болды. Nexia салонында болған тағы үш жолаушы көз жұмды", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Қайтыс болғандардың арасында 6 және 10 жасар екі бала бар. Қайтыс болған бес адам да Ордабасы ауданының тұрғындары.

Оқиға орнына құтқарушылар, тасжолдағы медициналық-құтқару қызметі, жедел жәрдемнің екі бригадасы, аудандық полиция барды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары