Ақтөбе облысында кәріз құдығына құлаған жылқы құтқарылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«26 шілдеде құтқару қызметіне Қандағашта көшелердің біріндегі кәріз құдығына аттың құлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Атты жергілікті тұрғындар байқап қалып, құтқарушыларды шақырған. 11 адамнан тұратын құтқарушы топ жедел көмекке келген. Шақырылған жерге жеткенде белгілі болғандай, ат тереңдігі 4 метр кәріз құдығына түсіп кеткен. Құтқарушылардың біріккен күшінің арқасында атты кәрізден шығарып алған», - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен сейсенбі күні.
Құтқарушылар өңір тұрғындарына малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес берді.