$ 494.87  520.65  4.91

«60 мың теңгеден аз»: Қарағандыда пошта қызметкерлері жалақының мардымсыздығына наразы

Пошта қызметкерлерінің жалақысынан салықты, зейнетақы жарналарын және медициналық сақтандыруды 21 пайызға ұстайды.

Қарағандыда пошташылар жалақының аздығына наразылық танытуда. Айтуларынша, олар мемлекеттік әлеуметтік пакеттен де айырылған. Наурыздан бері бұл мәселені көтеріп жүрген қызметкерлер еңбек демалысы мен ауру бойынша демалысқа шығу құқығын сұрайды, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталы.

Қазпошта қызметкерлері алғашқы ереуілді наурыз айында ұйымдастырған. Алайда басшылық мәселені шешуге сол кезде уәде берген. Содан бері ештеңенің өзгеріссіз екеніне наразы қызметкерлер жалақыны үнемдегеннің өзінде азық-түлікке жетпей жататынын айтады.

"Қазпоштада" 30 жылдан аса еңбек еткен әйелдер мемлекеттік штаттан шығарылып, қызмет көрсету шартына ауыстырылғаннан соң, әлеуметтік пакеттен де айырылғандарын айтады.

“Айлық жалақымды 60-тан аз аламын. Қыздар сияқты ұйымым жоқ, хат аз. Газет небәрі 10 теңге тұрады. Ал сол газетті тарату үшін кем дегенде 180 теңге жұмсау керек. Қарап тұрсақ, біз керісінше шығынға батып жүрміз”, –  деді жаяу курьер Светлана Чиркова.

“Бізде тәулігіне 2,5 теңгедей шығады. Қосымша газет 10 теңге, хат тасымалдасақ – 75 теңге. Егер біз оны бірінші рет бермесек, 50 теңге аламыз. Ең болмаса ауру бойынша демалыс пен кем дегенде екі апталық еңбек демалысын берсе дейміз”, – деді жаяу курьер Елена Новикова.

Пошта қызметкерлерінің жалақысынан салықты, зейнетақы жарналарын және медициналық сақтандыруды 21 пайызға ұстайды. Бұған дейін жазғы-қысқы аяқ киім, киім-кешек, ғаламторға қосылған телефондармен қамтамасыз етілсе. Қазір барлығы өз есептерінен. Еңбек демалысы мен ауру демалысы да төленбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары