$ 444.32  473.33  4.76

Тобыл станциясындағы астық қалдықтары қоймасында ірі өрт болды

Болжам бойынша, өрттің себебі – №25 қоймадағы тарату қорабында (қалқан) болған қысқа тұйықталу.

Қостанай облысының Тобыл станциясында орналасқан элеватор аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Сағат 05:54-те Б. Майлин ауданы, Тобыл кентіндегі Элеваторная көшесінде «Тобыл элеваторы» ЖШС аумағында астық қалдықтарының қоймасы жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері, элеватордың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі және «ҚТЖ»ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД-дан. 

Жалын сағат 14:34-те сөндірілді.

«Өрттен № 25, 26 қоймалар ( 2 400 шаршы метр аумақта), кептіру-жөнелту мұнарасының ғимаратында қабырға қаптамасы ( 40 шаршы метр), сондай-ақ 1 040 тонна зығыр жойылды. Өрт шарпыған жалпы аумақ 2440 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп толықтырды департаменттен. 

Болжам бойынша, өрттің себебі – №25 қоймадағы тарату қорабында ( қалқан) болған қысқа тұйықталу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары