$ 443.85  474.3  4.8

Шымкенттегі төбелес кесірінен бір жігіт мерт болды

Куәгерлердің айтуынша, күдікті оған үшкір затпен екі рет соққы жасаған.

Қайғылы оқиға 26 шілдеге қараған түні Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті оған үшкір затпен екі рет соққы жасаған.

Зардап шегуші оқиға орнында мерт болды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды.

"Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде, 2005 жылғы азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргіліп жатыр", Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары