$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау тергеу изоляторына есірткіні аяқ киім арқылы өткізбек болған

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға азаматша келіп, сәлемдеме әкелген.

Ақтау қаласының тергеу изоляторында есірткі заттары өткізілмек болды. 
Бұл туралы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінде айтылды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2022 жылдың 25 шілдесінде болған.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға азаматша келіп, сәлемдеме әкелген. Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде жеке тінту нәтижесінде тергеушілер сотталушыға әкелген кроссовканың астынан үш пакет есірткі затын тауып, тәркіледі.

"Бұл дерек ЖМ-172/10 мекемесінің ақпараттық кітабына тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша жалпы салмағы сегіз грамнан асатын есірткі заты гашиш екені анықталды", – деп хабарлады облыстың ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары