Жаңалықтар 27.07.2022 сағат 10:20

Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов арасындағы бес сәйкестік

Бүгін - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес одағының батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров пен Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтың туған күні.
Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов арасындағы бес сәйкестік
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес одағының батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров пен  Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы  Айдын Айымбетовтың туған күні.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27-шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

Алдыңғы бағдарламада ғарышкер «Абайдың 45 сұрағы» айдарында біраз сұрақтарға жауап берген болатын. Оның ішінде ғарышкер Айдын Айымбетов екеуінің арасындағы сәйкестіктер туралы сауалдар болды.

Сонымен, зерттей келе, қос қаһарман арасындағы 5 ғажайып сәйкестікті ұсынамыз.

Біріншіден, екеуі де бір айда, бір күнде дүниеге келген екен. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы дүниеге келсе, Айдын Айымбетов 1972 жылы туған. Жұлдызнама белгілері - арыстан. Астрология ғылымында бір күні дүниеге келген адамдарды «жұлдызды егіздер» деп атайды. Ғалымдардың айтуынша, олардың өмірі мен мінездерінің ұқсастықтары аз емес.

Екіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлы да бір оқу орнын бітірген. Жоғарғы әскери училище түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал, Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы – 24 жыл.

Үшіншіден, бірі ғарышқа 1991 жылы ұшса, екіншісі 2015 жылы көк жүзіне көтерілді. Арасы тағы да 24 жыл.

Төртіншіден, Тоқтар Оңғарбайұлы 2 қазан, ал, Айдын Ақанұлы 2 қыркүйек күні ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз, екеуі де аптаның сәтті сәрсенбісіне тура келеді.

Соңғы және ең қызықты сәйкестік, Тоқтар Оңғарбайұлының ғарышқа ұшқандағы командирі Александр Волков болды. Ал, Айдын Ақанұлының командирі - Александр Волковтың ұлы Сергей Волков.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар