Алматыда тұрғын үй құрылысы аумағында қайғылы оқиға тірлкеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінесілтеме жасап.
Жетісу-3 шағын ауданындағы құрылыс алаңында жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі топтарда жарияланды. Полиция қайғылы оқиғаның кеше болғанын растап отыр.
"26 шілде күні 17:42-те тұрғын үй құрылысының аумағында кран слесарьдың үстіне құлап, салдарынан 1989 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қаза тапты", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп толықтырды полиция.