$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді

13 қап киік мүйізін елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды.

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні арнайы операция жүргізіп, киік мүйізін елден заңсыз шығармақ болған бір топ қылмыскерді ұстады.

ІІм баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды.

Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір мүйіздердің қайдан алынғаны анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары