$ 443.35  475.54  4.82

Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

27 шілдеде сағат 14:45-те қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.

Нұр-Сұлтанда көше ортасында жолаушыларды тасымалдап жүрген автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 шілдеде сағат 14:45-те қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.

«Маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары