$ 449.76  483  5.05

«Министрлерді жұмыстан алып, сөгіс беру бағаның өсуін тоқтата алмайды» – Жұбаев

Халық қазір ақшасын инвестициялық қаржыдан гөрі тамағына, өз қажеттіліктеріне жұмсайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев «Желмая» жобасында айтты. 

"Баға – сұраныс пен ұсыныстың нәтижесі. Сұраныс қаншалықты көбейген сайын баға өсе береді. Президент министрлерді жұмыстан алып, сөгіс жариялап, әкімдерді ауыстырғанымен ешнәрсе өзгермейді. Қысқа ғана уақытқа әсер етуі мүмкін. Соңғы үш жылда біздің ЖІӨ өспеді. Пандемия болды, қаңтар оқиғасы болды, қатты өсім болмады. Халқымыздың саны 2,6 пайызға өсті. Халыққа беретін ақша массасы 20 пайызға өсті. Мұның өзі дамушы мемлекеттерде тек инфляцияға алып келеді. Біздің ішкі макроэкономикадағы жағдай бағаны 20 пайызға көтеріп отыр. Халық қазір ақшасын инвестициялық қаржыдан гөрі тамағына, өз қажеттіліктеріне жұмсайды. 20 пайыздық инфляция өзімізде бар. Президент оны 8-9 пайызға түсіріңдер дейді. Экономика өспей жатқан жерде, ол мүмкін емес", - деді Сапарбай Жұбаев.

Экономист Еуропаның Ресейге салған санкциялары да әлемдік  инфляцияны 10 пайызға көтергенін айтты. 

"Біздің 20 пайыз бен 10 пайыз қосылып, 30 пайызды құрады. Экономика өспеген кезде ақшаны беру, шетелдегі импорттық тауардың нәтижесінен 30 пайыздық инфляцияны сезіп тұрмыз. Біздің статистикалық деректеріміз бойынша 14 пайыз деп отыр. Ол да дұрыс. Халықтың ең керек 43 нәрсесін біз есептейміз. Оның ішінде коммуналдық қызмет, жанармай бағасы өзгермеді. Мемлекет оны субсидиялап ұстап тұр. Өсіп жатқан баға еркін нарыққа жібергендері ғана. Мысалы, 43-тің жартысы еркін нарыққа шығады. Олардың бағасы өсіп, бізге 14 пайызды беріп жатыр. Жалпы инфляция 25-30 болуы мүмкін. Бірақ статистикадағы 14 пайыз барлық нәрсені есепке алғандағы инфляцияны құрайды", - деді ол. 

Дереккөз: baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#баға өсімі