$ 498.34  519.72  4.85

Павлодардағы демалыс орнындарының бірінде қайғылы оқиға болды

Алған жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды.

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы демалыс орындарының бірінде ер адамды пышақтап өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қайғылы оқиға 22 шілдеде болғанын атап өтті.

"Сағат 20:00-де Баянауыл ауылындағы «Жасыбай» демалыс орнында алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішіп, жанжал туындаған кезде Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны 51 жастағы Павлодар тұрғынын пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды", Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің106 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Күдікті Баянауыл ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды", Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары