$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті

25-інші шілдеге қараған түні «ҚазАзот» АҚ орналасқан аумақтан жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шыққан.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехының шатыры ортасына опырылып құлады. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Lada.kz басылымының мәліметінше, 25-інші шілдеге қараған түні "ҚазАзот" АҚ орналасқан аумақтан жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шыққан. Бұл туралы қала тұрғындары хабарлады.

«Оқиға 24 шілде күні сағат 05:20 шамасында болды. Ғимарат шатырының ішінара опырылуы қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алған. Өйткені соңғы екі аптада өңірде аномальды температура болды. Сондай-ақ оқиға болған күні найзағай ойнап, нөсер жауын жауған еді. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орнын «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС-ның авариялық-құтқару қызметі тексерді. Аймақ қоршалды. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың денсаулығына қауіп жоқ», - делінген ақпаратта.

Оқиға орын алған аймақ толықтай қоршалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары