$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп түлектері көпбалалы отбасына үй сыйлады

2001-ші жылы мектеп бітірген түлектер үйді кімге беру керегін ауылдың ақсақалдарымен әкімдігінің шешіміне қалдырыпты.

Түркістан облысы Бадам ауылында бір отбасы баспаналы болды. Ауылдың 2001 жылғы түлектері көпбалалы отбасыға жаңа үйдің кілтін табыстады деп хабарлайды otyrar.kz. 1983 жылғы тұрғындар бастаған игі іс бүгінде дәстүрге айналған.

Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында тағы бір отбасы баспаналы болды. Жаңа шаңырақты 1984 жылғы ауыл тұрғындары көпбалалы отбасыға тарту етті. 3 бөлмелі үй бір жыл көлемінде салынған. 2001-ші жылы мектеп бітірген түлектер үйді кімге беру керегін ауылдың ақсақалдарымен әкімдігінің шешіміне қалдырыпты.

Талғат Саменов, Бадам ауылының тұрғыны: «20 жылдықтың қарсаңында осы үйді бастадық.  Ақсақалдар кеңесі бар бізде, ауыл әкімшілігі бар сол кісілерге табыстап аманат еткенбіз. Өздеріңіз лайықты деп есептеген кісіге берерсіздер деп. Кілемдерді біздің сыныптас қыздарымыз сыйлық жасаған. Қыздардың барлығы тұрмыста, келе алмайды. Сонымен олар да құр қалмайық, біз де бір үлесімізді қосайық, сауап жинайық деп кілемдерді беріп жіберген. Сол қыздарымыздың сый-сияпаты».

Бейбіт Нағыбаев 4 баланың әкесі. Үнемі ауылда атқарылып жатқан қайырымды істердің басы-қасында жүрген ол «үйді маған береді деп ойламадым» дейді. Жанұясына қуаныш сыйлағандарға алғысын білдірген азамат, қазір үйдің құжаттарын ресімдеп жатқанын айтады. Ал толық инфрақұрылымын жүргізгеннен кейін тамыз айының ішінде жаңа баспанаға толық көшіп келеміз деп отыр.

Бейбіт Нағыбаев, Бадам ауылының тұрғыны: «Орда шағынауданында тұрдық осы жақта. Негізі өзім қарашаңырақта тұрамын апамның қолында, енді осы үйді Алла нәсіп етіп, үйлі болып жатырмыз. Айтатын алғысым көп енді рақмет! Жалпы біздің ауылда көп қайырымыдылық жасалып жатады. Басы-қасында да өзіміз жүреміз әрдайым. Енді өзімізге істеген еңбегімізді бағалап және алдағы уақытта көп осындай игі істердің басы-қасында жүрсін деген ниетпен беріп жатыр. Жігіттерге рақмет!».

Бұл игі іс 1984 жылғы тұрғындар жасаған алғашқы қайырымдылық емес. Олар былтыр ауылда мешіт салуға бастамашы болған. Ауыл жастарынан қолдау тапқан қасиетті үйдің құрылысы былтыр аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілген екен. Ал жаңа баспананың иесі Бейбіт Нағыбаев қазір Бадам ауылының бас имамы қызметін атқарып жүр.

Ғалымжан Шеңгелов, Бадам ауылдық қоғамдық кеңесінің мүшесі: «Осы 1984 жылғы түлектер ауыл тұрғындарымен, жастарымен бірге бастамашы болып, үлкен Бадам мешітін соғып, оны да қолданысқа бердік. Осындай игі істерге себепкер болған жастарға алғысымыз шексіз!».

Бадамда бұған дейін ауылдың 2000-шы жылғы түлектері көпбалалы отбасыға үй сыйлаған екен. Ауыл тұрғындары игі істің жалғасын тапқанына қуанышты. Ал 1984 жылғы азаматтар эстфетаны өздерінен кейінгі бітірушілерге жолдапты. 1985 жылғы азаматтар қайырымды іске қазірден кірісіп, спорт кешенінің құрылысын бастап та кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары