$ 494.87  520.65  4.91

ФИФА «Ақтөбе» футбол клубын ресейлік маманға 100 мың еуро төлеуге міндеттеді

Владимир Муханов «Ақтөбе» клубы «Таразға» 0:3 есебімен жол берген соң, жұмысынан қуылған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Ақтөбе» футбол клубы команданың бұрынғы бас бапкері Владимир Мухановқа 100 мың еуро төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды. 

ФИФА-ның дау-дамайды шешу жөніндегі палатасы ресейлік маман мен «Ақтөбе» футбол клубының арасындағы дауды Мухановтың пайдасына шешті.

Владимир Муханов келісімшарт мерзімі бітпей тұрып, ешқандай себепсіз жұмыстан қуылғаны үшін 100 мың еуро көлемінде компенсация алады.

«Ақтөбе» футбол клубында бұл шешімге шағым түсіру үшін он күн уақыт бар.

Айта кетелік, Владимир Муханов «Ақтөбе» клубы «Таразға» 0:3 есебімен жол берген соң, жұмысынан қуылған болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары