Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «26 шілде күні сағат 10.11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.