$ 494.87  520.65  4.91

Отандық әуекомпаниялар мүгедек арбасындағы әйелге екі күн бойы билет сатпаған

Әзірге аталған оқиғаға байланысты әуекомпаниялар ешқандай пікір білдірген жоқ.

"Scat" және "Fly Arystan" әуекомпаниялары мүмкіндігі шектеулі әйелге билет сатпай, оны 48 сағат бойы күттіріп қойған. 

Әуекомпаниялар мүгедек арбасында отыратын әйелге билет сатпаған. Бұл туралы «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлназ Қосмұрзиева хабарлады. 

«Маған телефон шалып, аталған оқиға туралы айтты. Бұл – адам құқығын шектеу. Болған жағдай мүгедектердің құқығын шектеп отыр. Мүгеде адамға билет сату үшін 48 сағат бойы күттіріп қойғаны қаншалықты заңды?  Ал бұл адам шұғыл ем алу үшін ұшатын болса ше? Осы мәселеге байланысты компани басшылары жауап беруі тиіс», - дейді қоғам белсендісі. 

Әзірге аталған оқиғаға байланысты әуекомпаниялар ешқандай пікір білдірген жоқ. 

Дереккөз: Ulysmedia.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары