$ 486.44  534.31  5.06

Алматыда Армениядан жеткізілген қос көлік бірдей нөмірмен жүрген

Ең қызығы – екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар.

Алматы полициясы Армениядан жеткізілген нөмірі бірдей қос көлікті ұстады. Көліктердің бірдей тіркеу куәлігі де болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мегаполис жолдарында полицейлердің назарына "Nissan" және "Toyota" Alphard" көліктері іліккен.

"Ең қызығы – екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар. Көліктер Армения Республикасында тіркелген. Оларды жерлестеріміз басқарады. Белгілі болғандай, шағын автобус жүргізушісі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстанда сатып алғанын айтады. Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полиция өкілінің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы жалған нөмірді пайдаланғаны белгілі болады.

"Тергеу және сараптама нәтижесі шыққанан кейін ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деді Болатбек Баятанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары