Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда тіркелген зорлауға әрекеттену дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін Желіде қыздың видеосы тараған еді. Кадрларда қыз көлікті тоқтатып, жүргізушіден құтқаруын сұрағаны түсірілген. Видеода қыздың артынан қуып келе жатқан ер адам байқалады.
"Алматы Полиция департаменті 2000 жылы туған Б-ны зорлауға әрекеттену дерегін Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші қыз оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен таныстарының бірінен күдіктенеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Тергеу тобы құрылған. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.