$ 443.85  474.3  4.8

Сенсация! UEFA Конференция лигасында «Қызыл-Жар» құрамасы хорватиялық «Осиек» командасын жеңді

Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасы хорватиялық «Осиек» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Қазақстандық «Қызыл-Жар» командасы Еурокубокқа алғаш рет қатсып отыр, деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызыл-Жар» хорватиялық «Осиек» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Қазақстандық команда сапында голдарды Георгий Иваниадзе (62-минут) пен Мусса Коне (71-ші) соқты.

Сондай-ақ, петропавлдық команданың үшінші іріктеу кезеңде кіммен ойнайтыны белгілі болды. «Қызыл-Жар» екі ойынның қорытындысы бойынша болгариялық «Ботевты» жеңген АПОЭЛ-мен кездеседі.

«Қызыл-Жар» мен АПОЭЛ арасындағы алғашқы ойын 4 тамызда Кипрде, қарымта кездесу 11 тамыз күні Қазақстанда өтеді.

Бұған дейін қазақстандық «Астана» мен «Қайрат» UEFA Конференция лигасынан шығып қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары