$ 494.87  520.65  4.91

Қонаққа барған жігіт қызбен танысамын деп 700 мың теңгесінен айырылып қалды

Жас қыз жігіттің есепшотындағы ақшаны өзіне аударып алған.

Түркістан облысы, Төлеби ауданында досының үйіне қонаққа барған жігіттің қомақты ақшасын жаңа танысқан бойжеткен өзінің есепшотына аударып алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұялы телефон қосымшасы арқылы есепшотындағы жинаған қаржысының жоқ екенін байқаған жігіт дереу полицейлерге арызданған.

"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Жедел тергеу тобы құрылып, күдікті ретінде бойжеткен анықталды. Ол өз үйінен ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Жәбірленуші досының үйіне барып, сонда бір бойжеткенмен танысқан екен. Жас қыз әлеуметтік желіге кіремін деген сылтаумен оның ұялы телефонын сұрап алған көрінеді. Осы сәтте жігіттің есепшотындағы ақшаны көрген бойжеткен оңай олжаны жіберіп алғысы келмей, 700 мың теңгені өз есепшотына аударып алған. Белгілі болғандай, күдікті жымқырған ақшаны бас пайдасына жаратып үлгеріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары