$ 494.87  520.65  4.91

Президент Джо Байденнің немересі тойын Ақ үйде өткізбек

Президент әкімшілігінің өкілдері мәлімдегендей, Байдендер отбасы той шығынын өздері жабады.

АҚШ президенті Джо Байденнің үлкен немересі Наоми Байден күзде тұрмысқа шығуына байланысты тойын Ақ үйдің оңтүстік бөлігіндегі көгалда өткізеді. Бұл - Ақ үйдегі 2013 жылдан бергі алғашқы неке қию рәсімі болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News агенттігіне сілтеме жасап.

28 жастағы Наоми Байден бейсенбі күні Twitter аккаунтында былай деп жазды: «Неке қию рәсімі қайда өтетінін белгіледік... Біз Оңтүстік көгалда үйленеміз. Өте қатты қобалжып тұрмын».

Бұған дейін президент Байденнің немересі мен оның 25 жастағы болашақ күйеуі Питер Нил 19 қарашада Ақ үйде үйленеді деп жарияланған еді. Екеуі де - адвокаттар.

Президент әкімшілігінің өкілдері мәлімдегендей, Байдендер отбасы той шығынын өздері жабады.

Ақ үйде бұған дейін 18 үйлену тойы мен төрт қабылдау рәсімделген. Соңғы рет мұнда 2013 жылы президент Барак Обаманың фотографы Пит Соуз шаңырақ көтерген болатын.

Соңғы қабылдау 2008 жылы президент Джордж Буштың қызы Дженна Буштың тойы алдында өтті. Тойлар Қызғылт бақта болған еді, Ақ үйдің Оңтүстік көгалында ешқандай неке қию рәсімі өтпеген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Байден