$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әуежайында полицейлермен төбелескен үш жігіт қамауға алынды

26 ​​шілдеге қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелес шығарған болатын.

Алматы халықаралық әуежайы аумағында төбелес шығарған үш ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ​​шілдеге қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелес шығарған. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.

"Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі - бұрын сотталған 28 жастағы У. есімді ер адам сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірген, оны соққыға жыққысы келді. Қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан әуеге ескерту оғын атқан. Нәтижесінде, төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар - Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Олардың екеуі - бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі - бұзақылықпен квалификацияланған. Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатытр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Соталды тергеу органы күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары