Жаңалықтар 30.07.2022 сағат 03:08

Түркістан облысында алты жасар баласын балтамен өлтірген тұрғын сотталды

Оқиға биылғы 4 наурызда болған.
Түркістан облысында алты жасар баласын балтамен өлтірген тұрғын сотталды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысында 6 жасар баласын балталап өлтірген әкеге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz. 

Оқиға биылғы 4 наурызда болған.

«Сот тергеуінде анықталғандай, сотталушы өзінің 2016 жылы туған баласын тоғайға «отын жинаймыз», - деп алдап апарған. Онда жәбірленушінің сол жақ самай сүйегіне темір балтаның тегіс жағымен бір мәрте соққы жасаған. Содан баласының денесін көтеріп, шабылған жиде ағашының томар астына ынғайлап койып, темір балтаның үшкір жағымен мойын аймағынан бірнеше рет соққы жасап, шауып өлтірген», - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқаруға 10 жылға тыйым салынды. «Сот тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар